Үкімет отырысынан кейін журналистер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министріне «Масс-медиа туралы» заң жобасының кейбір тармақтарына қатысты пікірлерін жеткізді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Заң жобасы әлі талқылану үстінде. Өздеріңізге мәлім, мәжіліс әлі жиналған жоқ. Заңға қатысты пікір білдіріп жүрген әріптестерімізді де мәжілістің жұмыс тобына талқылауға шақырамыз. Біз журналистерге барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Мәселен, «баспасөз картасы» журналистерді құқықтық жағынан қорғайтын болады. Журналистердің пікірін тиісті құрылымдармен қарап жатырмыз, - деді Ақпарат министрі.
Сонымен қатар Дархан Қыдырәлінің айтуынша, заң жобасын әзірлеуде тек министрліктің пікірімен қоса, басқа да мемлекеттік құрылымдардың ұсынысы ескеріледі.