«Масс-медиа туралы» заң Мәжіліске жетті

7 Маусым 2023, 14:27
746
Бөлісу:
«Масс-медиа туралы» заң Мәжіліске жетті
Фото: Артём Чурсинов архив

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов заң жобалары Үкіметтің заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленгенін айтты.

«Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында 3 Кодекске және 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, - деді депутат Аймағамбетов.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобаларын жұмысқа алуға және тиісті жұмысты әзірлеуге дайын.

Депутаттар осы мәселеге қатысты қаулыларды дауысқа салып, оң шешім шығарды.

Бұған дейін Мәжіліс ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заңды жұмысқа алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы