Мәскеудің неонатологтары павлодарлық дәрігерлерді оқытып жатыр

7 Қазан 2023, 14:43
964
Бөлісу:
Мәскеудің неонатологтары павлодарлық дәрігерлерді оқытып жатыр
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Мәскеудің жетекші неонатолог дәрігерлері Павлодар облыстық перинаталдық орталығының базасында медицина қызметкерлерін оқытып жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күндік оқыту циклі денсаулық сақтау саласындағы маңызды индикаторлардың бірі - сәби өлімін азайтуға бағытталған.

Л.А. Ворохобов атындағы мәскеулік аурухананың реаниматологтары мен неонатологтары жаңа туған нәрестелерді емдеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Аурухананың жансақтау және қарқынды терапия қызметінің басшысы Алексей Мостовскийдің айтуынша, жақында олар Ресейде 42 реанимациялық төсекке арналған ірі орталық ашқан болатын.

Бұл 142 науқас балаға медициналық көмек көрсетілетін ең ірі бөлімше, шетелдік әріптестердің барлығы да осылай мақтана алмайды, - дейді мәскеулік дәрігер.

Шетелдік мамандардың білім беру бағдарламасы медбикелер мен дәрігерлерге арналған және жаңа туған балалардың қарқынды терапиясына, тыныс алуға, гемодинамиканы басқаруға, күйзелісті емдеуге және жаңа туған балаларды дұрыс күтуге арналған. Бұған дейін ресейлік неонатологтар өз елінің басқа өңірлерінде медицина қызметкерлерін оқытып, елеулі нәтижелерге қол жеткізгені туралы айтқан болатын. Бұл бірінші кезекте сәби өлімін екі есеге азаюы.

Павлодарда оқу 5-7 қазан аралығында өтеді. Жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің 15 неонантологы мен медбикесі біліктілігін арттырды. Тағы 12 павлодарлық дәрігер хирургия және кардиология бейіні бойынша Санкт-Петербург пен Белорусияда оқуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 25 млн теңге қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы