Мәскеудегі теракт: тағы екі күдікті қамауға алынды

26 Наурыз 2024, 00:26
617
Бөлісу:
Мәскеудегі теракт: тағы екі күдікті қамауға алынды
Фото: РФ тергеу комитеті

Мәскеудің Басман соты "Крокус сити холлдағы" теракт бойынша іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы РФ тергеу комитеті мәлімдеді.

Сот алдында жауап беретіндердің қатарын әкесі мен ұлы: Исроил Исломов пен Диловар Исломов толықтырды.

Сот бір ай 29 тәулікке, яғни 2024 жылдың 22 мамырына дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 22 наурызда камуфляж киген адамдар "Крокус Сити Холл" концерт залына баса-көктеп кіріп, оқ жаудыра бастаған. Қайғылы жағдай "Пикник" рок-тобының концерті басталардан бірнеше минут бұрын болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шұғыл кеңес өткізді.

Өзгелердің жаңалығы