Мәскеуде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

21 Наурыз 2024, 05:25
618
Бөлісу:
Мәскеуде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды
Фото: baq.kz

Наурызнаманы Ресейдегі қазақтар да тойлап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24KZ-тің жазуынша, Ұлттық ойынды жаңғырту мақсатында Мәскеудегі кітапханалардың бірінде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды.

Тоғызқұмалақ ойынына қызығушылық қандастар тарапынан жоғары. Өйткені қазақ халқының асыл мұрасына айналған бұл интеллектуалды ойынның маңыздылығы артып келеді, – дейді ұйымдастырушылар.

Алтайда халықаралық жарыстар өткізген. Сол кезде Алтайдың қазақтары да, Моңғолия қазақтары да бірге қатысқан. Ұлттық ойынды насихаттауды жалғастырдық. Қазақтар барлық жерде өз мәдениетін іздейді. Осы жаққа көшіп келгенімізде тоғызқұмалақты бірге алып келдік, - дейді тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Әлима Ерболова.

Төрт мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынының тағылымын көрсету – міндетіміз, – дейді мәскеулік қазақтар.

Абай мен Ыбырай ойнаған тоғызқұмалақтан шеберлік сағатына келушілер көп.

Мектеп кезімізде басталған бұл тоғызқұмалақ ойыны. Мен бірінші сыныпта оқып жүргенде әпкелерім, ағаларым үйреткен болатын, сол себепті мектеп кезінде 11, 12 жыл бойы біз Моңғолияның Баян-Өлке қаласында үнемі тоғызқұмалақ жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға иеленіп, халықаралық байқауларға да қатысып, бірінші, екінші орындарды иеленетінбіз, - дейді тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Қозыбек Жәлел.

Күрделі әрі қызықты ұлттық ойынды үйренемін деушілердің қарасы қалың. Тоғызқұмалақ үйірмесі Ресейдің түкпір-түкпірінен келген қазақтарды ғана емес, басқа елден көшіп келген қандастардың да басын біріктірді.

Өзгелердің жаңалығы