Мәскеуде Қазақстан мен Ресей мұсылмандар арасындағы диалог талқыланды

25 Қараша 2023, 17:24
548
Бөлісу:
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей мұсылмандар арасындағы диалог талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Собор мешітінде Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы мүфти шейх Равиль Гайнутдинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар 2023-2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін дамыту Тұжырымдамасы қабылданған 2023 жылғы 11 қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының қорытындыларын талқылады.

Д. Абаев бұл іргелі құжат 2033 жылға дейінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің одан әрі дамуының жалпы көзқарасын, миссиясын, мақсаттары мен бағыттарын айқындайтынын атап өтті. Тұжырымдама барлық әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің пікірлері мен ұстанымдарын ескереді. Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының ұсыныстары өте пайдалы болды және бұл құжатта да көрініс тапты.

Кездесуге қатысушылар дінаралық үнқатысуды дамытудағы өзара іс-қимыл динамикасына оң баға беріп, Қазақстан мен Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

Өзгелердің жаңалығы