Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр

10 Ақпан 2022, 17:43
1180
Бөлісу:
Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізуде. Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, - делінген жазбада.

 

Өзгелердің жаңалығы