Мәскеуде парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

27 Наурыз 2021, 20:42
1393
Бөлісу:
Мәскеуде парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елші Ермек Көшербаев Ресейдің Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачевпен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында елші К.Косачевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Тараптар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған Қазақстан мен Ресейдегі екіжақты іс-шаралар бойынша жүргізілетін жұмыстарды талқылады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тараптар ТМД және ҰҚШҰ аясындағы парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Көшербаев елшіліктің екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін қажетті көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы