Мәскеуде өрт салдарынан 6 адам қаза тапты

21 Қараша 2022, 09:25
924
Бөлісу:
Мәскеуде өрт салдарынан 6 адам қаза тапты

Ресей астанасы Мәскеу орталығындағы Комсомол алаңында орналасқан гүл қоймасында өрт шығып, салдарынан 6 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейлік Төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқандардан бөлек тағы бір адам зардап шеккен.

Гүл қоймасынан өрт шыққаны туралы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13-те түскен.

Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шыққан. Өрт салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлаған. Жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпып, оқшауланды, кейінірек өрттің сөндірілгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы