Мәскеуде ер адам өз-өзін өртеп жіберді

31 Қаңтар 2021, 21:00
1612
Бөлісу:
Мәскеуде ер адам өз-өзін өртеп жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде «Тверская» метросының маңында ер адам өз-өзін өртеп жіберді.

Бұл туралы Mash хабарлады.

Қазір ер адам ауыр жарақаттары салдарынан жансақтау бөлімінде жатыр.

Оны полицейлер мен сол маңдағы адамдар құтқарып қалған. Олар қолда бар құралдармен өртті сөндірген. Ал қарулы күштер өзінің киімдерін қолданған. Кейіннен ер адамды жедел жәрдем қызметі алып кетті.

Еске салсақ, Ресейде оппозиционер Алексей Навальныйді қолдау мақсатында жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр.

Ер адамның суициді митингпен байланысы бар-жоғы белгісіз.

Ресейдің ірі қалаларында митингке қатысушылар мен полиция арасында қақтығыс болды. 

Сонымен қатар Мәскеудегі митинг барысында Навальныйдің жұбайы ұсталды.

Навальныйдің өзі қазір «Матросская Тишина» тергеу изоляторында. Ол тұтқындалуы Ресей заңының бұзылуы деп санайды.


Өзгелердің жаңалығы