Мәскеуде дүйсенбі күні демалыс жарияланды

24 Маусым 2023, 22:35
946
Бөлісу:
Мәскеуде дүйсенбі күні демалыс жарияланды

Мәскеу мэрі Сергей Собянин дүйсенбі күні мәскеуліктер үшін демалыс болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел штаб аясында тәуекелдерді азайту мақсатында дүйсенбі күні мәскеуліктер үшін демалыс күні болады. Бұл тізімге билік өкілдері мен үзіліссіз жұмыс істейтін мекемелер, қорғаныс кешені және қала қызметтері кірмейді, - деді Собянин.

Мэр қалада жүруден бас тарту керектігін алға тартты. Ол шаһардың кей бөліктерінде қозғалыс шектелетінін айтты.

Тұрғындардың айтуынша, қазірдің өзінде Мәскеу көгінде тікұшақтар қаптап жүр.

Бүгін Ресейдің Ростов қаласында "Вагнер" жалдамалы әскерінің сарбаздары басып алғаны айтылды. Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының аумағында болуы мүмкін лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында терроризмге қарсы операция жағдайы орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы