ІІМ Мәскеу облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі Мытищи қаласындағы сауда орталығында атыс болып, салдарынан үш адам зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы департамент Telegram желісінде хабарлады.
Ресей ІІМ-нің "Мытищинское" кезекші бөліміне Шараповский проезінде орналасқан сауда үйлерінің бірінде атыс дыбысына ұқсас хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Құқық бұзушы ұсталды. Оқиға салдарынан үш азамат дене жарақатын алды, - деп жазылған хабарламада.
Құзырлы орган қазіргі уақытта әкімшілік оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.