Алматы дәріханаларында маска жеткілікті – департамент басшысы

1 Ақпан 2020, 10:07
1800
Бөлісу:
Алматы дәріханаларында маска жеткілікті – департамент басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда мегаполисте маска саны жетерлік. Медициналық мекемелерде 2 миллионнан астам, одан бөлек резервте - 1,3 млн маска бар. 

Маскалардың жетіспеушілігінің алдын алу үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қала дәріханаларының мониторингін үнемі жүргізеді. 

Dolce өндірушісі күніне 4 мың маска жасайды, яғни, Алматы қаласында күнделікті маскалар қоры толтырылады. Бүгінде тапсырыс бір апта алдына өндірілген. Апта бойы маскалар қорын толықтырып отыру жоспарланған, - деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.   
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауы бойынша қазір Иран, Қырғызстан сынды басқа мемлекеттер өндірушілерімен қосымша маскалар тасымалдау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. 

Иә, бізде жеткілікті көлемде маскалар бар. 20 теңгелік кәдімгі маскалар, тура сондай бағада көмір маскалар да бар, - деп хабарлады қала дәріханаларының бірі. 

Мәселен, "Жайик-AS" ЖШС дәріханасы резервінде 4 мың дана бар деп хабарлады. 5 мыңнан астам 3-қабатты маскалар, көмір маскалары және респираторлық 100 мың маска. "Biola" және "Туран" жергілікті өндіріс компанияларынан соңғы уақытта 20 мың маска сатып алынды. Дәріхана қызметкерінің айтуынша, ай сайын 4 мың маска сатып алынады.  

Қаланың бірқатар дәріханасында маскалардың болуы туралы сұраққа қор жеткілікті көлемде екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, баға келісімі және халықты жасанды дүрліктіру оқиғалары анықталған жағдайда қала билігі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шараларды қабылдайды. 

Алматы қаласының дәріханаларында медициналық маска бағасының жоғары болуы немесе олардың болмауы жағдайлары анықталған жағдайда тұрғындарға келесі нөмірлер бойынша хабарласу ұсынылады: 382-35-36, 382-33-50.

Өзгелердің жаңалығы