"Маска тағыңыз" акциясы

19 Шілде 2020, 15:30
2048
Бөлісу:
"Маска тағыңыз" акциясы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының "Жаңғыру Жолы" жастар қозғалысы #МаскаТағыңыз атты науқан бастады. Бұл іс-шараның басты мақсаты халықтың назарын карантиндік іс шараларды қатаң сақтауға, өзін қорғауға шақыру.

Бұл күні белсенділер үйлерде, көшелерде "Маска тағыңыз" атты үгіт парақшаларын қалдырды. Мақсаты маска тағу арқылы жеке гигиенаның маңыздылығын көрсету. 

Маска тағып, антисептик қолданып, қолғап киюге шақырамыз. Себебі алдын алу шараларын дұрыс түсіндірудің маңызы зор, - делінген ақпаратта.
маска56.jpeg

Сонымен қатар "Жаңғыру Жолы" Жастар қозғалысының мүшелері-еріктілер пандемия барысында әлеуметтік жағдайы нашар топтарға, провизорлық стационарларға көмектесіп жүр.




Өзгелердің жаңалығы