Маск АҚШ-тағы ең қымбат бас директор атанды

7 Мамыр 2021, 17:05
1873
Бөлісу:
Маск АҚШ-тағы ең қымбат бас директор атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Forbes журналы рейтингінде өткен жылдың қорытындысы бойынша АҚШ-тағы ең жоғары ақы төленетін бас директор болды.

Басылым 2018 жылы Маск Tesla-да жалақыдан бас тартқанын еске салады. Оның орнына ол компанияның акцияларына опциондар түрінде сыйақы алады. 2020 жылы кәсіпкер құны 11 млрд доллар болатын автоконцерннің акцияларына опциондар алды.

Рейтингтегі екінші орынды Paycom бизнесіне арналған БҚ әзірлеуші басшы Чад Ричисон 211 млн доллармен иеленді. Үшінші орында 1life Healthcare медициналық компаниясының бас директоры Амир Дэн Рубин 199 млн доллармен келе жатыр.

Айта кетейік, Tesla 2021 жылдың бірінші тоқсанын рекордтық пайдамен аяқтады. Ол 27 есе өсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 16 млн доллармен салыстырғанда 438 млн долларды құрады.

Финотч жарияланғаннан кейін компанияның акциялары 5%-ға қымбаттады, ал Масктің байлығы алты млрд долларға өсті.

Өзгелердің жаңалығы