Мәсімов Венгрия азаматы ма? - СІМ түсініктеме берді

23 Қараша 2022, 16:59
790
Бөлісу:
Мәсімов Венгрия азаматы ма? - СІМ түсініктеме берді

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Венгрияның азаматы екендігі туралы ақпарат тараған болатын.

Осы мәселеге қатысты Сыртқы істер министрлігі жауап берді. 

Менің қолымда мұндай ақпарат жоқ екендігін айтқым келеді. Венгрияның бізге хабарлағанындай, онда (Мәсімов – ред.) басқа елдің азаматтығы бар екендігі туралы ақпарат жоқ. Нақтырақ айтқанда, Мәсімов мырзаның ондай азаматтығы болмаған, - деп атап өтті Сыртқы істер вице-министрі Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, СІМ ондай ақпарат түспеген. 

Еске сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетті сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тексеруді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

14 наурыз күні Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігін айтты. 

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. 

18 қарашада Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды. Іс «аса құпия» түрде қаралып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы