Машкевич ERG компаниясы туралы: Біз кетеміз

26 Қараша 2022, 13:01
1245
Бөлісу:
Машкевич  ERG компаниясы туралы: Біз кетеміз

Бұл туралы Eurasian Resources Group компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, акционер Александр Машкеевич мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазір біз бұл мәселені талқылап жатырмыз. Бүгінде ұжыммен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біз кетеміз, ERG компаниясы медиаресурстарға иелік етуден кетеді.  Өйткені, әркім өз ісімен айналысу керек деп ойлаймын. Яғни тау-кен өндіруші тау-кен бизнесімен айналысуы керек. Медиахолдингтер – өз алдына бөлек бизнес. Бұл – дербес сараптама, дербес білім, бөлек адамдар. Өз бизнесімізге, тау-кен-металлургия қызметіне көбірек бағдарлану керек деп ойлаймын, - деді кәсіпкер ҚР Президентін ұлықтау шарасынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айтуынша, компанияға қарасты медиресурс қызметкерлеріне тағы бір мүмкіндік берілуі ықтимал.

Компаниядағы қызметкерлерге келер болсақ, қазір талқылау үстінде. Білмеймін, бәлкім оларға жалғастырурға мүмкіндік беретін шығармыз. Өздерімен сөйлесіп көреміз. Өйткені «Экспресс К» қазір жетекші, маңызды медиаресурстардың бірі болып есептеледі, - деді Александр Машкеевич.

Өзгелердің жаңалығы