Президент сайлауы – 2019. Қарағанды машина жасаушылары белсене қатысады

29 Сәуір 2019, 08:35
1979
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Қарағанды машина жасаушылары белсене қатысады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 78 жылдық тарихы бар «Қарағанды құю және машина жасау зауытының» еңбеккерлері ҚР президентінің кезектес тыс сайлауында Nur Otan партиясының атынан ұсынылған кандидатты қолдайтындықтарын айтады.

Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібіне қажетті өнім шығаратын зауыттың жұмысшылары үндеу жариялап, ҚР Ұлт Көшбасшысының шешімін қолдайтындықтарын жеткізді. «Қазақмыс корпорациясына» қарасты зауыттың қызметкерлері сайлау еліміздің жаңаруы мен жаңғыруына септігін тигізеді деген ойда.

«Елбасы Nur Otan партиясы атынан кандидатты ұсынды. Біз «Қарағанды құю және машина жасау зауытының» қызметкерлері ҚР президентінің сайлауына кандидат ұсыну туралы Nur Otan партиясының съезінде айтылған шешімді толығымен қолдайтындығымызды жеткізгіміз келеді. Бұл жайында 25 еңбек ұжымының жиналысында айтылды. Болашақта республика экономикасындағы өндіруші өнеркәсіптің үлесі одан әрі артатынына сенімдіміз. Сонымен қатар, заманауи инновациялық, индустриялық және бәсекеге қабілетті технологиялардың техникалық және халық шаруашылығының барлық саласын кезең-кезеңімен қамтиды деп ойлаймыз», - дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің өкілі Серік Торыбаев.

Компания еліміздегі ең күрделі деңгейдегі тау-кен техникасын шығаруда жоғары әлеуетке ие. Қазіргі уақытта зауыттың технологиялық мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейіп, өндіріс орны 5000-ға тарта өнім түрін шығарады. Германия, Чехия, Италия, Швеция, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты әлемнің дамыған елдерінің машина жасау компанияларынан жеткізілген жоғары технологиялы жабдықтарда шахталық, тунелдік құрал-жабдықтар, қуат гидравликалары, крандар, флотация машиналары, самосвалдар және тағы да басқа металл конструкциялары жасалады. Бүгінгі күні өндіріс орны тау-кен техникасы саласындағы 800-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт жұмысшылары сайлау кезінде учаскелерге келіп, дауыс беретіндіктерін айтады.

«Мемлекет басшыларының жұмысшы мамандарына деген қарым-қатынасы нақтыланған, сондықтан да біз облысымызға ғана емес, елімізге де еңбегі сіңген зауыттың еңбеккерлері республика басшыларының бағытын қолымыздан келгенше қолдауға тырысамыз. Өндіріс қызметкерлері ретінде еліміздің экономикасында ойып орын алатын тау-кен өндірісінің үлесі бұдан әрі артатынына сенеміз. Сондықтан да Ұлт Көшбасшысының, ҚР Тұңғыш Президентінің сарабдал саясатын барлық ұжым қызметкерлері бір акуыздан қолдаймыз», - дейді зауыттың инженер-технологы Алмаз Кәрімов.

Өзгелердің жаңалығы