Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойы аталып өтті

12 Тамыз 2023, 15:45
1496
Бөлісу:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойы аталып өтті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Павлодар облысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойына арналған Павлодар облысы Баянауыл ауданында өткен салтанатты іс-шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер-білімге шақырған өлеңдер мен толғаулар, дастандар мен қиссалар жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. «Салған мені бейнетке ғылым-білім» деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, «Мәшһүр» атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз, – делінген Президент құттықтауында.

Ерлан Қошанов Ертіс-Баянауыл өлкесі ұлтымыздың тағдыры мен тарихына өшпес із қалдырған ұлы перзенттерді дүниеге әкелген киелі топырақ екенін атап өтті. Мәжіліс төрағасы ақын өлеңдері мен көсемсөзі қазақ руханиятының алтын қорынан ойып тұрып орын алатынын тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы