Масаң күйінде көлік басқарған

11 Қыркүйек 2022, 07:51
1181
Бөлісу:
Масаң күйінде көлік басқарған

Бәйдібек аудандық сотымен сотталушы А.А. қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігіне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сотталушы А.А. 2019 жылғы 10 қазандағы Бәйдібек аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен автокөлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізгені үшін 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, 2022 жылғы 13 тамызда сағат 00:58 шамасында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, С. Қадырбаев көшесінде жеңіл дәрежедегі алкогольды масаң күйінде көлік басқарған.

Бәйдібек аудандық сотының үкімімен сотталушы А.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстык Кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы