Мас, есірткі пайдаланған. Тараз әкімдігіне шабуыл жасаған 11 қылмыскердің көзі жойылған

19 Сәуір 2022, 12:02
1211
Бөлісу:
Мас, есірткі пайдаланған. Тараз әкімдігіне шабуыл жасаған 11 қылмыскердің көзі жойылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос  Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

6 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің және Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына қарулы шабуыл жасалды.500 адамға жуық қарулы топппен аталған ғимараттарға оқ атылды, нәтижесінде полиция қызметкері қаза болды, - деді Елдос Қилымжанов. 

Ол атағандай, осыған байланысты құқық қорғау органдары қарсы оқ атты, нәтижесінде 11 қылмыскердің көзі жойылды.

Медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша 9 шабуылдаушы мас күйінде және 2-уі есірткінің әсерінде болған.  Террорлық шабуылдарға ұшыраған барлық қалада қайғылы оқиғалардың мән-жайлары қалпына келтірілуде. Сауда үйлердің, банктердің, мемлекеттік мекемелердің және басқа да объектілердің бейнекамераларының жазбаларына талдау жүргізілуде, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы