Марқакөлге апаратын жол тың технологиямен жөнделуі мүмкін

1 Желтоқсан 2023, 20:34
528
Бөлісу:
Марқакөлге апаратын жол тың технологиямен жөнделуі мүмкін
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәрмәр асуы арқылы Марқакөл көліне, Ұранқай ауылына жеткізетін ирек жол келер жылы жаңа технологиямен жөнделуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Марқакөл ауылынан Шығыстың інжу-маржанына апаратын асу жолы ғана емес, облыстағы тағы да бірнеше ірі елді мекеннің жолдары ресейлік жолшылар ұсынып отырған жаңа әдіспен жөделмек.

Құрамына кәдімгі цемент, арнайы қоспа қосылып суық ресайклинг тәсілімен, «тас плита» (қолданыстағы жол қыртысына төсейтін) түрінде жаңа технологиямен жөнделетін жолдың бір шақырымына 20-25 млн теңге жұмсалады.Бұл қазіргі қолданыстағы асфальт-бетон жабындысынан екі жарым есеге арзан. Жаңа тәсіл – облыстағы кетеуі кеткен жолдарды жөндеуге аса тиімді, әрі бюджеттік нұсқа. Жол жөндеуге асфальт-бетон зауыты қажет емес. Мұндай өндірістерден қашықта орналасқан елді мекендердің жолын жөндеуге аса қолайлы.

ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов облыста жүзеге аса бастаған жаңа жол жөндеу технологиясы бюджетке 25-30 пайыз арзанға түсетінін айтады.

Биыл Ұлан ауданындағы Сібе көлдеріне апаратын кірме жолдың бірі, яғни Алғабас – Бозанбайауылдары арасындағы он шақырымдық автожол осы «ANT-тас жолдары» атты жаңа технологиямен жөнделген. 

Өзгелердің жаңалығы