Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Марокко Корольдігі қазақстандықтарға 20 оқу грантын ұсынады

11 Шілде 2025, 00:44
662
Бөлісу:

Марокко жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марокко Корольдігі серіктес елдерге 2025-2026 оқу жылына арналған Марокконың жоғары, техникалық және кәсіптік мемлекеттік оқу орындарында стипендиямен 20 оқу грантын ұсынады.

Оқу деңгейлері:

* Бакалавриат;

* Магистратура;

* Докторантура.

Оқыту тілі: Мароккодағы көптеген оқу орындарында оқытудың негізгі тілі – француз тілі. Ғылыми, техникалық және экономикалық бағыттарын таңдаған, бірақ француз тілін меңгермеген үміткерлер Рабат қаласындағы Халықаралық тілдер орталығында AMCI ұйымдастырған дайындық курсынан өтуі тиіс.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

- ай сайынғы стипендия – 750,00 дирхам (шамамен 75 АҚШ доллары);

- медициналық сақтандыру;

- тұру шығындары (өтінім бойынша);

- тамақтану шығындары (өтінім бойынша).

Үміткерлер өз өтініштерін 2025 жылғы 31 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігіне жолдауы қажет: email: kazembmar@gmail.com

Барлық толық ақпарат біздің ресми сайтта жарияланған: https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/marokko-zhoary-ou-oryndaryna-zhattardy-abyldau-merzimi-zartyldy

Өзгелердің жаңалығы