Мария Боровкова ескек есуден әлем чемпионы атанды

3 Қыркүйек 2022, 02:23
744
Бөлісу:
Мария Боровкова ескек есуден әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Мария Боровкова Венгрияда ескек есуден жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз каноэ(жалғыз) жарысында 1000 метр қашықтықта алтын алды. Мария 4:35.69 — C1 (18 жасқа дейін) нәтижесімен бірінші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, Мария 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Өзгелердің жаңалығы