Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Тәжин ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметтегі, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды - делінген хабарламада.
"Барыс" ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен сіңірген ерекше еңбегі үшін марапатталады: Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде; бейбітшілікті қамтамасыз етуде, қоғам мен Қазақстан халқының бірлігін шоғырландыруда; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми қызметте жүргізіледі.