Марат Қалқабаев Мәсімовтың қаңтар оқиғасындағы бұйрығы жайлы айтты

15 Мамыр 2023, 13:13
1358
Бөлісу:
Марат Қалқабаев Мәсімовтың қаңтар оқиғасындағы бұйрығы жайлы айтты

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда ҰКҚ төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мысалы, қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК қызметкерлерінің бәрі Мәсімовтің бұйрығын орындады. Дұрыс па? Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағылды. Яғни, сол бұйрықты орындаған ҰҚК қызметкерлері бар. Сондай жағдайдан қалай шығуға болады? - деп сұрады журналистер.

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев сұраққа былай деп жауап берді.

Тергеуде барлығы анықталды. Мен сіздің сұрағыңызды түсіндім. Тергеуде бүкіл жайт анықталды. Бәрін айта алмаймын. Бұйрық болған жоқ. Ол кісі шешім қабылдаған. Мен артық ештеңе айта алмаймын, - деді ол.

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылғанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы