Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24 Сәуір 2023, 18:38
2009
Бөлісу:
Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды
Фото: astana.sud.kz

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы 3 бап бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 18 жылға сотталды. Ол "мемлекетке опасыздық жасағаны" (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), "билікті күшпен басып алғаны" (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және "билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны" (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) үшін кінәлі деп танылды. 

Ал оның орынбасарлары А.Садықұлов - 16 жылға, Д.Ерғожин - 15 жылға, М.Осипов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды. Сонымен қатар барлығы генерал шендерінен және мемлекеттік наградаларынан айырылады.

Сонымен қатар сотталушылардан мемлекет кірісіне 10 миллиард теңгеден астам қаржы және 24 млн АҚШ доллары өндіріп алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы