Марат Омаров өзіне жала жапқандарды сотқа бермекші

14 Сәуір 2021, 02:21
1935
Бөлісу:
Марат Омаров өзіне жала жапқандарды сотқа бермекші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңінен танылған «Коронавирус, кет» әнін орындаушы, белгілі композитор Марат Омаров санитарлық дәрігерлердің карантин кезінде той ұйымдастырған деген айыптауларына жауап берді. 

Әнші өзіне жала жабылып отырғанын, іс жүзінде ол жас жұбайларға бата беру үшін дәмханаға екі минутқа кіріп-шыққанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 13 сәуірде Шымкент қаласының санитарлық дәрігерлері Марат Омаровты қыз ұзарту тойын ұйымдастырды деп айыптады. Карантинді бұзушыларға айыппұл салу үшін олар әкімдік пен полицияға хат жолдаған.

Марат Омаров бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл менің, мен ұйымдастырған той емес. Мен ол арада жай бата беріп, кетіп қалдым. Ән айтқан жоқпын, ештеңе істемедім де, - деді ол.
Ол бұл іс-шарада 10 сәуірде болғанын, ал Шымкентте 12 сәуірге дейін сағат 23.00-ге дейін салтанатты іс-шараларды шектеулі көлеммен өткізуге мүмкіндік болғанын (50 адамға дейін) айтты. Әнші өз адвокаттарының жалған ақпарат таратқандарды сотқа беруге дайындалып жатқанын еске салды.

Бұған дейін кейбір БАҚ-тар Омаров қызын ұзатқаны туралы мақала жариялады. Қонақтардың арасында Сәбина Алтынбекова мен Қайрат Түнтеков те болды делінді.

Өзгелердің жаңалығы