Марат Мамаев: Денсаулық сақтау саласына деген қарым-қатынасты түбегейлі өзгерту керек

24 Тамыз 2020, 13:37
1290
Бөлісу:
Марат Мамаев: Денсаулық сақтау саласына деген қарым-қатынасты түбегейлі өзгерту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасында өткен онлайн сұхбат барысында Экономика және денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері жөніндегі талдаушы және консультант Марат Мамаев мәлімдеді.

Осыдан бір жыл бұрын біз Қазақстандағы медициналық туризм бойынша анализ жасадық. Денсаулық сақтау саласы елде қандай да бір инвестицияның жеміс бере бастауымен байланысты дамиды. Мұнда мемлекет тарапынан ғана емес, жеке секторда даму болуы керек. Бұл салада ақша көп болған сайын капитал көлемі де артып, инфрақұрылым өркендейді. Бірақ, басты мәселе ең алдымен, медициналық технологиялар қарқын алуы керек. Егер медициналық технология дамитын болса, Қазақстанның айналасында жүрген қаражат ағынын елге тартуға мүмкіндік туады. Мен денсаулық сақтау саласына деген қарым-қатынасты түбегейлі өзгерту керек деп санаймын. Қазір бұл салада бюджетті қарпып қалу басым болса, ол келешекте пайда қалыптастырушы салаға айналуы қажет. Ал, ол үшін қаражаттың қайдан келетінін түсіну керек, - дейді ол. 

Марат Ермекұлы салаға қаражатты қайдан тартуға болатыны жөнінде арнайы ұсыныс әзірлегенін айтты.
Қазір қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында айналуда. Бұл қаржы құралдарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, көрші елдерде де қаржы құралдарын басқарып, өз азаматтары үшін төлем жасаумен айналысатын белгілі бір институттар бар. Мысалы, көрші елдің бір азаматы Қазақстанға келіп, ем алғысы келді делік. Алды, емделді, еліне қайтты. Ал, ол үшін медициналық қызмет ақысын сол азамат тұратын елдің қоры төлесе, керемет болар еді. Бірақ, ол үшін денсаулық сақтау саласында халықаралық деңгейдегі келісім болуы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы