Мақтанышпен айтамын, бірде-бір дәлел жоқ - Мұхамедиұлы

20 Маусым 2023, 17:58
1702
Бөлісу:
Мақтанышпен айтамын, бірде-бір дәлел жоқ - Мұхамедиұлы
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Сот алдында БАҚ өкілдері экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы сұрақтар қойды. Сотталушының ісі бойынша судья әлі келген жоқ, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Маған тағылған бірде-бір айып дәлелденген жоқ. Маған не үшін 9 жыл сұрап отырғанын прокурордан сұраңдар. Фамилиясы - Закиров, - дейді ол.

Кейін сотталушыны залдан конвой алып кетті.

16 маусымда Астана қаласы Байқоңыр ауданының 2 сотында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзінде кез келген жазаға келісетінін, бірақ бюджет қаражатын жымқыру деген айыппен келіспейтінін айтқан болатын.

Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасы болса да. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақтың керемет мақалы бар: «Өлімнен ұят күшті». Мен 60 жыл лайықты өмір сүрдім, - деп мәлімдеді экс-министр.

Бұған дейін прокурор бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Арыстанбек Мұхамедияұлына «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге,  «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы