Өзбектен шыққан атақты кәсіпкер мақтааралдықтарға 5 млн доллар таратады

7 Мамыр 2020, 23:06
4217
Бөлісу:
Өзбектен шыққан атақты кәсіпкер мақтааралдықтарға 5 млн доллар таратады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік танымал кәсіпкер, меценат Әлішер Усманов Түркістан облысындағы техногендік су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млн  доллар аударады.

Бұл туралы @JexeNews телеграм каналы хабарлады.

Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған 30 420 тұрғыны үшін "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5 млн 2020 мың АҚШ долларын аударды. 

Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына түседі.

Бөлінген ақша Усмановтың келісім бойынша мұқтаж адамдар арасында бір реттік көмек түрінде таратылады.

Әлішер Усманов 1953 жылы 9 қыркүйекте Өзбекстанда дүниеге келген. 90-жылдары Ресей азаматтығын алған. 2020 жылдың 7 сәуіріндегі дерек бойынша, оның байлығы 13,4 млрд долларға бағаланып отыр. USM Holdings компаниясының негізін салушы әрі президенті.

Айта кетейік, 1 мамырда Өзбекстандағы Сырдария облысында Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Соның салдарынан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басып, төтенше жағдай орын алды.

Өзгелердің жаңалығы