Мақсұтбек Айтмағанбет: Нобель фестивалінің мақсаты – елдегі білім мен ғылымды қолжетімді ету

26 Қазан 2022, 16:15
943
Бөлісу:
Мақсұтбек Айтмағанбет: Нобель фестивалінің мақсаты – елдегі білім мен ғылымды қолжетімді ету
Фото: автордан

Бұл туралы Nobel Fest ұйымдастыру комитетінің мүшесі Мақсұтбек Айтмағанбет мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нобель фестивалі елімізде бесінші рет өткізіліп жатыр. Негізі жиынның ең басты мақсаты – Қазақстанда білім және ғылым саласын дамыту, оны қолжетімді ету. Ғылыммен айналысқан соң тек біздің елде ғана емес, дүние жүзіне де инновация қажет. Ұйымдастырушылар халық, жастар келетін болса, қай заманда болмасын ғылымның дамитынын басшылыққа алды, - деп атап өтті жиынды ұйымдастырушылардың өкілі. 

Сондай-ақ ол білім-ғылым іс-шарасының нәтижесіне де тоқталды.

Фестивальдің нәтижесін де көріп отырмыз деп ауыз толтырып айта аламыз. Себебі жастар қызығушылық танытуда. Нобель лауреаттарының дәрісін тыңдауға ғалымдарымыз да атсалысып отыр. Ғалымдарымыз ертең лауреаттармен бірігіп жұмыс істеп, тәжірибе алмаса алады. Республикамызда да жаңашылдықтар бар. Пандемия кезінде індетті еңсеруге вакцина ойлап шығарып, үлесімізді қостық. Фестиваль арқылы әлемдегі ғана емес, бізде де болып жатқан жаңалықтарды өзгелерге көрсету. Болашақта Қазақстаннан да Нобель сыйлығының иегерлері шығады деп үміттенеміз, - деді Мақсұтбек Айтмағанбет.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Nobel Fest фестивалі басталды. Оған жер шарының түкпір-түкпірінен жиналған 14-тен астам Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдік инноваторлар қатысып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы