Маникюр жасауды табыс көзіне айналдырған жігіт

28 Қараша 2022, 10:23
2921
Бөлісу:
Маникюр жасауды табыс көзіне айналдырған жігіт
Фото: автордан

Тырнақ жасау шебері ер адамдар да бұл кәсіппен айналысатынын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінде сән салонына жүгінетін қыздардың қарасы қалың. Салонға деп айына шамамен 30-40 мың теңгені санап қоя беріңіз. Оның ішінде тырнақ жасау – көп қолданылатын процедуралардың бірі екен. Біз тырнақ жасау арқылы отбасын асырап отырған Бексұлтан атты азаматты кезіктірдік. 

Халықтың көзқарасы басында ыңғайсыздау болғаны рас, бірақ уақыт өте оң қарайтын болды дейді ол.

Негізгі мамандығым – автомеханик. Бірақ, қазіргі заман талабына сай осы кәсіппен 2017 жылдан бастап айналысып келемін. Әрине, маған бірінші рет клиент болып отырған адам басында ыңғайсызданатын, бірақ кейін тұрақты түрде тырнақ жасатып тұратын болады, – дейді ол.

 Әлеуметтік желі арқылы Бексұлтанның бұл кәсібіне түрлі пікір білдіріп жатқандар да бар. Бірі «ер адамның жұмысы емес» десе, енді бірі «маманның табысты болуын, жұмысының алға басуына тілектеспін» деп жазуда.

Ал Қызылордалық маман отбасын асырау үшін қандай жұмыс жасағаның маңызды емес, тек адал жолмен нәпақанды тапсаң болғаны деген пікірде.

Тырнақ жасау арқылы айына шамамен 350 мыңнан 600 мыңға дейінгі аралықта қаражат табамын. Бұл менің бір отбасын асырауыма жеткілікті сомма деп ойлаймын. Меніңше, қандай жұмыс жасағаның емес, адал жолмен ақша тауып, отбасынды асырай алғаның – ерлік, – дейді ол.

Маникюр жасауды табыс көзіне айналдырған жігіт

Ерекше саланы меңгерген маманнан бізде сұлулық әлемінің құпияларын сұрап көрген едік...

Қазір тырнақ жасау үшін бір түстің сәнде болғаны маңызды емес. Көңіліңіз қалаған дизайнды, түсті еркін таңдай аласыз. Бірақ, әлі күнге дейін сәннен шықпаған түрлері де бар. Мысалы, француз маникюрі, френч түрлері – қыздарға да, бизнестегі әйелдерге әдемі жарасады. Ал ашық түсті дизайндарды көбінесе жаңашылдыққа құмар, шығармашылық адамдары таңдайды, – дейді ол.

Маман пікірінше, әр шебердің жұмыс жасау тәсілі әртүрлі. Олар бір мезетте психолог, шебер, суретші де болу керек. Және сән салонына бас сұғатын қыздарға құрал-жабдықтардың таза, жаңа болуына мән беруді айтады. Себебі көп қолданылатын ескі құралдар кей аурулардың тууына себепкер болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы