Маңғыстаулықтар террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты

10 Қаңтар 2022, 16:22
2268
Бөлісу:
Маңғыстаулықтар террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Бітім Мейірханмен қоштасуға арналған қаралы митинг өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстаулықтар террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты

Аза тұту рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі, мемлекеттік орган өкілдері, мәслихат депутаттары, өңірлік шекара қызметінің жеке құрамы, курсанттың ата-анасы мен туыстары, мұғалімдер мен қала тұрғындары қатысты.

Маңғыстаулықтар террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев бұл қазаның Бітім әулетінің ғана емес, барша қазақтың ортақ қайғысы екенін атап өтті.

Маңғыстаулықтар террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты

Мейірхан Ержанұлы небәрі 19 жасында Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп кетті. Мейірхан бауырымыздың ерлігінің алдында басымызды иеміз. Оның қайсарлығы көпке үлгі-өнеге болары сөзсіз,-деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстаулықтар террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты

Мемлекет мүддесін қорғауда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Президент Жарлығымен Мейірхан Бітім қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Аза тұту рәсімі барысында бір минут үнсіздік жарияланып, ауаға үш рет оқ атылды.

Маңғыстаулықтар террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан курсантпен қоштасты

Бұл дүрбелеңде өрімдей жастардың қаза болғаны жанымызға қатты батты. Еліне қызмет етуді армандаған немерем Мейірхан антына адал болды. Ержүрек балам бетпе-бет келген ажалдан қаймыққан жоқ. Мұндай жағдайдың енді ешқашан қайталанбағанын тілеймін. Халқымыздың ауызбіршілігі артып, балаларымыз бейбіт күнде өмір сүрсін. Жаратқан Тәуелсіздігімізді мәңгі етсін,- деді марқұмның атасы Бітім Кезбаев.

Өзгелердің жаңалығы