Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі бұзақылықтарға қарсы маңғыстаулық жастар ел өңірінің барлық жастарына арнап үндеу жолдады.
Олар республика жастарын тәртіп бен бейбітшілікке шақырды.
Қадірменді қалайық! Біз Маңғыстау жастары, еліміздің басқа да қалаларының жастарына үндеу жариялаймыз. Біздің халқымыз қоғамдық тәртіпті сақтаудың, тазалықты сақтаудың үлгісін көрсетті. Өкінішке қарай, еліміздің басқа да қалаларында оқиға басқаша өрбіп жатыр. Біз, Маңғыстау жастары, барлық өңір жастарын бейбітшілікке және ынтымаққа, ауызбіршілікке шақырамыз. Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтайық! Бұзақылыққа жол бермейік ағайын! – делінген үндеуде.