Маңғыстаулықтар қанша жалақы алады?

25 Қараша 2021, 16:11
968
Бөлісу:
Маңғыстаулықтар қанша жалақы алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс тұрғындарының орташа айлық табысын атады.

Статистикалық деректерге сәйкес облыс тұрғындарының орташа айлық табысы 350 мың теңгені құрайды. Бұл республикалық деңгейден жоғары. Мұнай-газ саласы қызметкерлері басқа сала қызметкерлеріне қарағанда өте жоғары жалақы алады. Сол себепті облыста осындай көрсеткіш, - деді Ноғаев.

Сонымен қатар облыс әкімі отандық және шетелдік мұнайшылардың жалақысындағы айырмашылыққа қатысты түсініктеме берді.

Мемлекет басшысы бірдей жұмыс істейтін азаматтарға, бір лауазым иелеріне кемсітушілік фактілері болмасын деген тапсырма берген болатын. Соның аясында Еңбек министрлігімен, басқа да салалық министрліктермен, Үкіметпен біріге отырып, әкімдік тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді, - деп айтты облыс әкімі.

Айтуынша, еңбек инспекциясы жұмысшылардан түскен арыз-шағымдарды тексере отырып, алшақтықтың болмауына қатысты іс-шаралар ұйымдастырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы