Маңғыстаулық жігіттер тері ауруларын анықтайтын сайт жасап шығарды

28 Қаңтар 2021, 15:55
2178
Бөлісу:
Маңғыстаулық жігіттер тері ауруларын анықтайтын сайт жасап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының тумасы Аймұрат Жеткізгенов түрлі тері ауруларын анықтайтын сайт ойлап тапты, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жатқан Аймұрат Жеткізгенов бұл сайтты ғылыми жоба ретінде жасап шығарған. Дәрігердің кеңесімен жетілдірілген портал арқылы бөртпенің қандай ауру екенін білуге болады. Ол үшін жараны суретке түсіріп, сайтқа енгізсе, жеткілікті. Ондағы арнайы бағдарламалық кодтар 9 түрлі дертті анықтап бере алады. Сайт атауы «SkinSaver» деп аталады. 

Маңғыстаулық жігіттер тері ауруларын анықтайтын сайт жасап шығарды

Медицина мамандары қандай да бір дертті өзі анықтай алмаса, не күмәні болса, осы сайтқа өзінің науқасындағы бөртпенің суретін енгізіп, осы сайт арқылы дертті нақтылап, анықтауға болады, - деді Аймұрат Жеткізгенов. 

Ал зияткерлердің жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Ақмарал Алмабекова «SkinSaver» сайтын жасау арқылы дерматология саласындағы деректер базасын көбейтіп, медицина қызметкерлері мен студенттерге көмек көрсеткісі келгенін және денедегі кез келген бөртпені фотосурет арқылы анықтау үшін оқушылар Python бағдарламалау тілін қолданғанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы