Маңғыстауға 229 млрд теңгеге инвестиция тартылды

30 Маусым 2022, 12:09
1079
Бөлісу:
Маңғыстауға 229 млрд теңгеге инвестиция тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.  

Бүгінгі таңда экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды болып отыр. Бүгінге тартылған инвестиция көлемі 1%-ға артып, 229 млрд теңгені құрады. Биыл жалпы құны 120 млрд теңгеден астам 22 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 1200 жұмыс орнын құру жоспарда бар. Іске қосылатын жобалар арасында – 7 жоба туризм, 5 жоба өндеу өнеркәсібі, 5 жоба агроөнеркәсіп кешені, 2 жоба сумен қамтамасыз ету саласына, қалған 3 жоба экономиканың басқа салаларына жатады, - деп атап өтті өңір басшысы. 

Айтуынша, өңірге инвестиция тартуда арнайы экономикалық аймағының үлесі зор.

Арнайы экономикалық аймақта 18 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен тағы 27 жоба жүзеге асырылмақ және оның төртеуі биыл іске қосылады деп күтілуде. Президенттің қойған міндеттерінің бірі – кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу. Бүгінге шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 62,4 мың бірлікке жетіп, 17,6%-ға өсті. Бұл саланың өңір экономикасындағы үлесі – 31,6% құрап, 1,6 трлн  теңгенің өнімі шығарылды. Осы салада жұмыспен қамтылушылар 126 мың адамға жетіп, 4%-ға артты. Бүгінде шағын және орта бизнестің 199 жобасы мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдалануда, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Сонымен қатар әкім кәсіпкерлікті дамыту жобасын тоқталды. 

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясында 37 жобаға 1 457 млн теңгеге қолдау көрсетілді. 47 жаңа жұмыс орны құрылып, 85 жұмыс орны сақталды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 162 жобаға 970 млн теңгеге қолдау көрсетілді, 185 жаңа жұмыс орны құрылды, - деді аймақ әкімі.  

Өзгелердің жаңалығы