Маңғыстаудың "Үздік мемлекеттік қызметшілері" марапатталды

23 Маусым 2023, 16:54
1231
Бөлісу:
Маңғыстаудың "Үздік мемлекеттік қызметшілері" марапатталды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілерді мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 маусымда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Маңғыстаудың "Үздік мемлекеттік қызметшілері" марапатталды

Жиында жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өттіШарада мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Маңғыстаудың "Үздік мемлекеттік қызметшілері" марапатталды

Осы мерекеге орай қалалық аудандық әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері арасында ұйымдастырылған шығармашылық сайыс жеңімпаздары және Спартакиядада озық шыққан командалар марапатталды. Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік артылатынын атап өтті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байла нысты, деп атап өткендей, мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, әрі үлкен жауапкершілік. Кез-келген қоғам мемлекеттік қызметшілерсіз жүйелі жұмыс жүргізе алмасы анық. Халықтың билікке деген сенімі және еліміздің қарқынды дамуы сіздердің білікті білімдеріңізге, мол тәжірибелеріңізге, ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты, - деді облыс басшысы Нұрлан Ноғаев. 

Маңғыстаудың "Үздік мемлекеттік қызметшілері" марапатталды

Айта кетейік, қазір Маңғыстау облысында 2421 адам мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Оның 54,3%-ы, яғни 1314 қызметкер әйел адам болса, 1107-сі ерлер.

Өзгелердің жаңалығы