Маңғыстаудағы жаппай улану. Барлық оқушы ауруханадан шығарылды

16 Қыркүйек 2024, 15:13
523
Бөлісу:
Маңғыстаудағы жаппай улану. Барлық оқушы ауруханадан шығарылды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Маңғыстауда барлық 98 оқушы үйіне шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды, үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды, - делінген ДСМ таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінді.  Оның 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.

Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайы алаңдаушылық туғызбайды, - деп толықтырды министрлік.

Өзгелердің жаңалығы