Маңғыстаудағы мектептерде 4 мыңнан астам бейнекамера жұмыс жасайды

29 Тамыз 2022, 14:59
689
Бөлісу:
Маңғыстаудағы мектептерде 4 мыңнан астам бейнекамера жұмыс жасайды

Маңғыстаудағы мектептерде төрт мыңнан астам бейнекамера жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Балалардың қауіпсіздігі қашан да басты назарда болғандықтан, мектептердің толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталуы маңызды. Өңір бойынша мектептерде барлығы 4 398 бейнебақылау камерасы бар, одан бөлек 113 мектепте дабыл түймелері қосылған.

Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 154 мектеп Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерге қосылды. Мектептер мен балабақшаларда орналасқан дабыл түймелерін басу арқылы, мекенжай бойынша полиция жасағын шақыртуға мүмкіндік туады.

Өзгелердің жаңалығы