Маңғыстаудағы автожолдарға ақылы жүйе енгізіледі

22 Ақпан 2021, 20:15
1871
Бөлісу:
Маңғыстаудағы автожолдарға ақылы жүйе енгізіледі

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Маңғыстау облысында жалпы ұзындығы 661 шақырым автомобиль жолы ақылы болады. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ МОФ директоры Айбек Әнуарбеков мәлім етті.

Биыл Маңғыстау облысында жалпы ұзындығы 661 шақырым автомобиль жолы ақылы болады. Олар республикалық маңыздағы «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» және «Бейнеу-Ақтау» автожолы. «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолының Маңғыстау облысы бойынша ұзындығы 207 шақырым. Бүгінде «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолына қайта жаңарту жұмыстары жасалып, өткен жылдың аяғында пайдалануға берілді. Қазір «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» учаскесінде 3 бақылау аркасы орнатылған және клиенттермен жұмыс жасаудың 1 орталығы қарастырылған. Олар ақылы түрде Боранқұл, Есет, Сарға, Бейнеу, Сыңғырлау, Ақжігіт, Тәжен, Төлеп, Сайөтес, Боздақ, Жармыш, Шетпе, Бекі, Жетібай, Мұнайшы елді мекендері арқылы өтеді. Қазір Бейнеу-Ақтау учаскесінде 6 бақылау аркасы орнатылған және клиенттермен жұмыс жасаудың 1 орталығы қарастырылған, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ МОФ директоры Айбек Аманжолов. 

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақылы жүйені енгізудің артықшылықтарына сүйене отырып, 2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 

Оның аясында 4 жыл ішінде елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады.

Ақылы автожолдарды енгізу тәжірибесі көптеген дамыған және дамушы мемлекетте кездеседі. Бұл жаңашылдық арқылы күре жолды күтіп-ұстауға қажетті қаражат мемлекеттік бюджеттен емес, жүріп өткен көліктердің төлемақысынан алынады да, бюджеттік қаражат халық үшін маңызды әлеуметтік бағыттарға жұмсалады. Заман талабына сәйкес, экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде елімізде ақылы автомобиль жолдары енгізіле бастады. Елімізде ең алғашқы болып «Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесі қолданысқа берілді. Бұл учаскеде 2013 жылы «гибридті» ақылы жүйе іске қосылды. Яғни ақылы жолдан қалаға кіретін жерде арнайы шлагбаумдары бар төлем қабылдау бекеттері орнатылған және көлік жүргізушілері осы шлагбаумдардың алдында төлем жүргізеді, - деді Марат Сүлейменов. 

Ақылы автожолдардың негізгі артықшылықтары:

1) автожолдарда қауіпсіздікті арттыру; 

2) автожолдарды күтіп-ұстау сапасын реттеу; 

3) автожолдарды автоматтандыру;

4) көлік құралдарының жылдамдығын бақылау арқылы жол-көлік оқиғаларын азайту; 

5) Мониторинг орталығына ақпарат беру арқылы автожолдардың жүру бөлігін тұрақты түрде бақылау; 

6) жол бойындағы сервис сапасын жақсарту;

7) транзиттік жүк тасымалдарының қарқындылығын ұлғайту. Бұл сәйкесінше мемлекеттік бюджетке түсімдерді көбейтіп, әрбір азаматтың өмірін жақсартуға бөлінетін қаражат мөлшерін арттырады.

Яғни жаңа ақылы учаскелер жүргізушілер мен жолаушылардың сапар жайлы болуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жол-көлік апаты азайып, жол инфрақұрылымы белсенді дамитын болады.

 

Өзгелердің жаңалығы