Маңғыстаудағы ауылда сарайдың едені опырылып, тұрғындар жертөлеге құлаған

Облыстық көпсалалы аурухананың хабарлауынша, жалпы қабылдау бөліміне тоғыз адам жеткізілген.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
125
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Маңғыстау облысының Саин Шапағатов ауылында шаруашылық құрылыстарының бірінде еден опырылып, адамдар жертөлеге құлаған. Оқиға 15 мамыр күні кешке жеке тұрғын үй ауласындағы сарайда болған. Бұл туралы Lada.kz порталы жазды.

Түпқараған ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға кезінде сарай ішінде 10 адам болған. Соның салдарынан екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Қалған тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.

Облыстық көпсалалы аурухананың хабарлауынша, жалпы қабылдау бөліміне тоғыз адам жеткізілген. Олардың екеуі нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

39 жастағы әйел бас ми жарақатын алса, 35 жастағы тұрғынға мойын омыртқасының жабық сынуы диагнозы қойылған. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер бақылауда.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Наверх