Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысында аққулар мен итбалықтардың қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аманғали Бердалин мұндай жағдайлар өңірде алғаш рет болып отырмағанын айтып, жағдайдаың табиғи әрі қалыпты екенін түсіндірді.
Бұл табиғи құбылыстарға байланысты. Жер сілкінісі кезінде табиғи газдың сыртқа шығуы секілді жағдайлар да болады. Бірақ біз өлекселерді кейін, көбіне ыдырай бастаған кезде табамыз, себебі оларды толқын жағаға шығарып тастайды. Тиісті сынамалар алып, зерттеу жүргіземіз. Әдетте ешқандай инфекциялық ауру анықталмайды. Осы жағдай бойынша да сынамалар алынды, қазір зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Нәтижесі шыққаннан кейін нақты айтамыз, – дейді Берделин.
Бұған дейін Маңғыстауда екі мың жылдық тарихы бар көне қала табылған еді.