Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Облыстық дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті.
Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 24 ақпандағы шешіміне сәйкес 1-наурызынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл аймағында» 7 күн бойы орналасқан өңірлерде бір адамға 4 шаршы метр есебімен толымдылығы 30% -ға дейін жұма намазын өткізуге рұқсат берілді,-деді Мақсатбек Маханбетов.
Дегенмен бұл босаңсуға себеп емес, жұма намазын өтеу үшін мешітке келушілерге қойылатын өзіндік талаптары бар.
Атап айтсақ мешітке міндетті түрде бетперде тағып кіру, мешіт кіреберісінде арнайы антисептик заттарды пайдалану, дәретті барынша үйден алып келу, мешіт ішінде белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау, намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу, мешіт ішінде ұзақ уақыт қалмау, дене қызуы 37 градустан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеу. Ал, жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс,- деді облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.