Маңғыстауда жол апатынан 3 адам қаза тапты

28 Шілде 2022, 08:44
1213
Бөлісу:
Маңғыстауда жол апатынан 3 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған.

Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарама-қарсы бағыттағы көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген ресми мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы