Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыларға 70 миллион теңге айыппұл салынды

25 Тамыз 2022, 03:39
1227
Бөлісу:
Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыларға 70 миллион теңге айыппұл салынды

Жер қойнауын пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияға тиісті рұқсатты алмай мұнай және ілеспе газ өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесі бойынша жекелеген жер қойнауын пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияға тиісті рұқсатты алмай мұнай және ілеспе газ өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаны анықталды.

Осыған байланысты Маңғыстау облысы экология департаментінің атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Оның нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылар ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша 70 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы