Бетон бағанаға соғылған көлік ішінде 4 жасөспірім болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында таңғы сағат 05:40 шамасында болған.
Көлік апатынан Ақшұқыр мектеп лицейінің екі 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Барлығы 8-9 сынып оқитын жасөспірімдер.
Тағы бір оқушы ауруханаға жеткізілген. Енді бірі медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілген.
Көлік апаты нәтижесінде бетон бағанасы құлап, электр желісі үзілген. Оқиға салдарынан Ақшұқыр елді-мекенінде 43 тұрғын үй электр жарығынсыз қалды.
Қазіргі таңда ауылда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.