Маңғыстау облысында табылған көне петроглифтердің бүлінгені анықталды. Әлеуметтік желілерде тараған фотосуреттерде белгісіз адамдар тарихи тастарға өз есімдерін жазып, көне бейнелерді бүлдіргені көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл петроглифтер қола дәуіріне жатуы мүмкін. Оқиға қоғамда үлкен наразылық тудырды. Пайдаланушылар мұны тек бұзақылық емес, тарихи-мәдени мұраға жасалған ауыр зиян деп бағалап отыр.
Қоғам белсенділері мұндай ескерткіштердің қорғалуын күшейтіп, вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату қажеттігін көтеруде.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми түсініктеме алу үшін полиция департаментіне сұрау жолданған.