Маңғыстауда үшем дүниеге келді

28 Желтоқсан 2023, 01:23
478
Бөлісу:
Маңғыстауда үшем дүниеге келді
Фото: Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында үшем жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үшемнің анасы 35 жаста. Ол жұбайымен бірге 4 бала тәрбибелеп отыр. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында тұратын ерлі-зайыптылар өңірдегі ауежай кешенінде жұмыс істейді.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала.​ Сәбилердің салмағы​ 1890 гр,​1950 гр және 2700 грамды көрсетті. Нәрестелерге ата-анасы ​Асылым, Айзада, Айдана есімдерін қойған. ​

Қазір жас босанған ананың жағдайы жақсы. Ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. ​ Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Өзгелердің жаңалығы